Алматыда күрес түрлерінен ҚР Кубогы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде облыс палуандары екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарыста қоржынға алғаш болып жүлдені грек-рим күресінің шебері Данияр Кәленов салды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жеңіс жолында бес кездесу өткізді. Әрқайсысына жеке тоқталып, жіпке тізсек.

Жерлесіміз іріктеу белдесулерінде Жетісу және Алматы облыстарының палуандарын айқын басымдықпен жеңді. Ширек финалда тағы жетісулық спортшымен кездесіп, 6 да 0 есебімен басым түсті. Ақтық сын жолдамасы сарапқа салынған сында шымкенттік палуанмен кездесті. Кездесу теріскейлік палуан үшін оңайға соқпады. Данияр Кәленов қарсыласынан 2 де 1 есебімен басым түсті.

Жерлесіміз финалда жарыс қожайынан 4 те 0 есебімен жеңіліп, ҚР Кубогының күміс жүлдесіне ие болды. Айта кету керек, бақ пен бап сыналатын сайыста тағы бір жерлесіміз Ислам Евлоев қола медальды еншіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *