Қазақстанда мұғалімдерге арналған ChatGPT Edu пилоттық жобасы іске қосылмақ. Оқу-ағарту министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы бұл бастама 200 мың педагогті қамтиды. Жобаның басты мақсаты — мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдету және ЖИ құралдарын тиімді пайдалануды үйрету, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Министрлікке ChatGPT Edu бойынша 100 мың лицензия бөлінген. Оның 5 мыңы мектепке дейінгі ұйымдарға, 85 мыңы мектептерге, 10 мыңы колледждерге беріледі. Жылдың екінші жартысында тағы 100 мың лицензия қарастырылады. Жалпы 200 мың педагог жасанды интеллект мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдана алады.

Жоба аясында әр мұғалімге жеке «ақылды көмекші» ұсынылады. ChatGPT Edu сабақ жоспарын жасауға, тапсырмалар мен тесттер құрастыруға, оқу материалдарын оқушылардың деңгейіне қарай бейімдеуге көмектеседі. Сонымен қатар материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіруге, өмірлік мысалдар келтіруге, сабақты пікірталас, жоба немесе зерттеу форматына бейімдеуге де қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ жүйе бағалау өлшемдерін әзірлеуге, оқушылардың жұмыстарын алдын ала талдауға және жеке кері байланыс дайындауға көмектеседі. Дегенмен қорытынды бағаны әрдайым мұғалімнің өзі қояды.

Бұдан бөлек, білім беру саласын цифрландыру бағытында QazTech платформасы негізінде Ұлттық білім беру дерекқоры жаңартылып жатыр. 

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде Зарқын Тайшыбайдың еңбек жолына арналған шығармашылық байқау жарияланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *