Айыртау ауданында жазғы туристік маусымға қызу дайындық жүргізілуде. Жұмыспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Үш аптадан кейін облыста жазғы туристік маусым басталады. Қазіргі таңда демалыс аймақтары қонақтарды қабылдауға белсенді дайындалып жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айыртау ауданындағы Шалқар–Имантау курорттық аймағын аралап көрді.

Соңғы екі жылда мұнда ауқымды жұмыс атқарылды. Шалқар көлі жағалауында 21 шақырым автомобиль жолы салынды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2025 жылы 5,2 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған. Жеті туристік нысан іске қосылды. Алдағы уақытта тағы 12 шақырым желі тарту жоспарланған.

Қазіргі таңда ауданда 44 демалыс базасы жұмыс істейді. Туристік маусымға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ерекше бақылауға алынған. Өткен жылдан бері курорттық аймақта модульдік құтқару станциясы жұмыс істеп, туристік полицияның кезекшілігі ұйымдастырылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 314-атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне тағзым жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *