Солтүстік Қазақстан облысында биыл 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған. Бұл олқылықтарды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынп қорытынды жасады. Биыл өңірде 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған. Жауапкершілік жүгін арқалаған жандар бейінді департаментке түйткілдер жайлы «Е-өтініш» порталы арқылы жеткізіпті.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да жұмыс уақытынан тыс еңбек еткен мемлекеттік қызметшілерге өтемақы төленді
СҚО-да жұмыс уақытынан тыс еңбек еткен мемлекеттік қызметшілерге өтемақы төленді

«Бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жұмыс уақыты режимінің сақталмауына байланысты. Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қызметкерлерге өтемақы төленді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдепке жатпайтын мінез-құлқына қатысты да өтініштерді қарадық. Екі факт бойынша тәртіптік іс қозғалды. Айта кету керек, келіп түскен өтініштердің бірі бойынша белгіленген жұмыс кестесінен тыс қызметтік міндеттерін орындауға тарту фактісі де анықталды»,ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Сонымен қатар, облыстағы аудан әкімдерінің бірі ауылдық округ әкімдерін жұмыс орында сағат 8.00-де болуды міндеттеген.

«Аудан әкімдерінің бірі ауылдыө округ әкімдеріне күн сайын сағат 8:00-ден 8.30-ға дейін жұмыс орнынан ағымдағы жағдай туралы туралы тікелей баяндауды тапсырған. Жүргізілген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтер расталып, қызметшілерге белгіленген жұмыс уақытынан тыс атқарылған еңбектері өтелді, -деді Дархан Ермеков.

Тағы оқыңыз: СҚО-да педагогтер мен оқушылар жаппай ағаш отырғызды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *