Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер жекпе-жек спорт мектебінің басшысы болып Данияр Кәленов тағайындалды. Айта кету керек, ол — грек-рим күресінен жабық Азия ойындарының жеңімпазы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Данияр Кәленов — 1993 жылы 2-шілдеде Жамбыл ауданы Сәбит ауылында туған. Ол — грек-рим күресінің шебері. Талай дүбірлі додада топ жарған. Дәлірек айтсақ, жабық Азия ойындары мен халықаралық турнирлерде топ жарған. Әлем чемпмонаттарында да атой салды.
Жаңа басшыға жаңа қызметте толағай табыс тілейміз. Ондаған жылын спортқа арнаған жан зор жетістіктерге жол бастайтынына сенеміз.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы жарық, жылу және су жүйелерін жаңартуға 51 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

