Өңірде үш ірі коммуналдық кәсіпорын ұлттық жобаға енгізілді. Ол энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі жоба. Алдағы екі жылда олар жалпы құны 51,3 млрд теңгені құрайтын 24 инфрақұрылымдық жобаны іске асырмақ. Бұл туралы Qazaqstan Media МЭКС жобалық кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, бұл — «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы», «Петропавл жылу желілері» және «Қызылжар Су» кәсіпорындары. Қазіргі таңда олардың желілерінің жағдайы өте күрделі.

2026 жылдың басындағы мәліметтерге сәйкес, облыстағы электр желілерінің тозу деңгейі 80 пайызға жеткен. Петропавлдағы жылу желілерінде — 81,7 %, «Қызылжар Су» мекемесінің су құбырлары 56,7 %-ға, ал кәріз жүйесі 60,8 %-ға тозған. Мұндай көрсеткіштер жиі кездесетін апаттар мен қызмет көрсету үзілістеріне тікелей әсер етеді. Жағдайды жақсарту үшін 2026–2027 жылдары ауқымды жаңғырту жұмыстары басталады.

Барлығы 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 11-і электрмен жабдықтау саласында, бесеуі жылумен қамтуда және сегізі су мен кәріз жүйесінде жүзеге асырылады. Облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, бұл жаңғырту жұмыстары апаттар санын азайтып, халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын  арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін желілердің тозу деңгейі төмендей бастайды. Электрмен жабдықтауда — 75,14 %-ға дейін, жылу жүйесінде — 79,86 %-ға дейін, су жүйесінде — 54,7 %-ға дейін. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда Ғабдулла Тукайдың 140 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *