Қозыбаев университетінің командасы «SERPIN WAY 2.0» сапарын аяқтады. Петропавлдан оңтүстік облыстарға дейін және кері бағытта 6800 шақырымды еңсеріп, жеті облысқа барды. Басты мақсат, талапкерлермен кездесіп, өңірдегі жалғыз ЖОО туралы толық мәлімет тарату,-деп жазады Qazaqstan Media.
Ауқымды жоба 31 наурыздан басталды. Команда Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарына барды. Барлығы 14 қаланы, 16 ауылды және аудан орталықтарын аралады. Жалпы 120-ға жуық іс-шаралар мен кездесулер өткізілді. 13 мыңнан астам оқушы өз болашағы туралы ақпарат алды. Диалогқа 1800-ден астам ата-ана қатысты. Қозыбаев университеті 2014 жылдан бастап қуатты әлеуметтік жобаға айналған «Серпін» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Осы уақыт ішінде 1400-ден астам маман шығарылды.

Кездесу барысында оңтүстіктен келген жастарға гранттар, оқуға түсу шарттары мен инновациялық бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Олар Петропавлда білім ала отырып, Аризона университетімен қос диплом бағдарламасы аясында әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін түсінді.Сондай-ақ университет өзге қаладан келген студенттердің барлығын 100% жатақханамен қамтамасыз етеді.
Қозыбаев университетінің SERPIN WAY жобасына екі жыл. Былтыр жоба аясында оңтүстік өңірлерден 130-дан астам студент келген еді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Кітап әлемі» атты кітап бульвары өтті

