Соңғы 15 жылда Қазақстан көлік саласына 35 млрд доллар қаржы құйған. Нәтижесінде 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Астанада Премьер-министр Олжас Бектенов Теміржол ынтымақтастығы ұйымының бас директорлары конференциясының 40-шы отырысына қатысты. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден астам теміржол тасымалы компанияларының басшылары мен өкілдері келді. Шарада сөз сөйлеген Олжас Абайұлының сөзінше, Соңғы 15 жылда Қазақстан көлік саласына 35 млрд доллар қаржы құйған. Нәтижесінде 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды.

«Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз», — деді Олжас Бектенов.

Алдағы төрт жылда елде тағы бес мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарланып отыр. Басты мақсат – 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің командасы жеті облыста 13 мың талапкермен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *