Ұлттық кітап күніне орай Петропавлда кітап бульвары өтті. Шараға «Кітап әлемі» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұлттық кітап күніне орай Петропавлда «Кітап әлемі» атты кітап бульвары өтті. Оған 500-ге жуық ұл-қыз қатысты. Шара аясында олар түрлі қойылымдар мен челлендждерді тамашалай алды.

Сонымен қатар, балалар шығармашылық шеберхана жұмыстарына қатыса алды. Ақжаулықты әжелер мен көпті көрген аталарымыздың өнегелі сөздерін естіді. Айта кету керек, бүгін облыс мектептері пен колледждерде және университеттегі бірінші сабақтар Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқудан басталды.

Ұлттық кітап күніне арналған шаралар мұнымен тоқталып қалмайды. Алдағы уақытта жастарды асыл қазынамызға баулуға арналған көптеп ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз: Әділет Мырзаш — Қазақстан чемпионы!

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *