Келесі жылдан бастап талапкерлер Ұлттық біріңғай тестілеуді тек бір-ақ рет тапсырады. Яғни, мемлекеттік грант конкурсына сол білім сынағында жинаған баллмен қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Келесі жылдан бастап талапкерлер Ұлттық біріңғай тестілеуді тек бір-ақ рет тапсырады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Сонымен бірге, 2027 жылғы түлектер үшін пилоттық режимде балама ретінде жаңа тест енгізелмек.
Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, оны ETS технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі әзірлейді. Жаңа тесттің артықшылығы оның қорытындысымен шетелдік университеттердің барлық филиалы талапкерді оқуға қабылдайды.
«Биыл бірден айтып кетейін, ешкім алаңдамасын. Өзінің қалыптасқан тәртібімен ҰБТ-ның процедуралары өтеді. Келесі жылдан бастап ҰБТ-ның өзі екі рет емес бір рет тапсырылатын болады. Бірақ, талапкерлер өз мүмкіндіктерін сынау үшін негізгі тест емес, сынама тесттің мүмкіндігі сақталады», — деді Саясат Нұрбек.
Тағы оқыңыз: Ауылдағы заң мен тәртіп-қауіпсіздік пен жауапкершілік, еңбек және даму кепілі!

