13–16 сәуір аралығында Орал қаласындағы Ұлттық ұлан әскерилері арасында самбо чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қатысып, лайықты нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жеткен жетістіктерді жіпке тізсек, жауынгерлік самбо бойынша 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4-курс курсанты Ерасыл Тұрсынбай, 71 келіге дейінгі салмақта 3 курс курсанты Ернұр Мұхит үшінші орыннан көрінді. Спорттық самбо бойынша да теріскейліктер жоғары деңгейде өнер көрсетті.
79 келіге дейінгі салмақта бірінші курс курсанты Рамазан Садыбаев, 88 келіге дейінгі салмақта жауынгерлік самбодан екінші курс курсанты Тамирлан Жолдыбаев, үшінші курс курсанты Макаш Мадияр тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Дәлірек айтсақ, курсанттарымыз алты қола медаль еншіледі. Жеткен жетістіктер
жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесі.
Тағы оқыңыз: Келесі жылдан бастап ҰБТ бір рет тапсырылады

