8–10 мамыр күндері Астанада дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam»халықаралық рейтингтік турнирі өтеді. Бұл жарыс елордада төртінші рет ұйымдастырылайын деп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дүбірлі додаға әлемнің үздік дзюдошылары бір алаңға жинамақ. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген беделді турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.
«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды. Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады деп күтілуде. Айта кету керек, дүбірлі додадаға ел намысын жерлес спортшы Назгүл Маратова қорғайды.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға соңғы үш жылда тоғыз мыңға жуық асылтұқымды ірі қара әкелінген

