СҚО-да жыл басынан 68 есірткі қылмысы тіркелген. Оның басым бөлігіне жастардың қатысы бар. Статистика өршіп кетпес үшін Петропавлда студенттер арасында түсіндірме шаралары өтуде. Солардың бірі -200 жастың басын қосқан форум, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Полицейлер мен білім басқармасының өкілдері Ж.Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледждінде қала студенттерімен кездесті. Шара аясында мамандар есірткі мен нашақорлықтың зияны жайлы мол ақпар берді. Зиянды заттар тұтыну мен сатудың неге әкеп соғатынын түсіндірді.
«Жыл басынан облыста 68 есірткі қылмысы тіркелді. Оның тең жартысы — зиянды затты сату дерегі. Заңсыз айналымнан 10 келіден астам зиянды зат тәркіленді. Айта кету керек, есірткі сатқан адам бес жылдан он екі жылға дейін сотталуы мүмкін», — деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова.
Шара барысында студенттерге нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмысы жайлы бейнероликтер көрсетілді. Жағымсыз статистиканың өршімес үшін оның алдын алу маңызды. Облыста бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы су тасқыны жағдайы

