Қазіргі таңда адамдар әлеуметтік желілерде Қазақстан Конституция көшесіндегі ағаштардың кесілуіне байланысты қайшы пікірлер жазылуда. Петропавл қаласының әкімі осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгінде Петропавлда Қазақстан Конституциясы бойындағы ағаштар кесіліп жатыр. Жұмыс әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Тұрғындардың дені қайшы пікір білдіруде. Осыған байланыста шаһар басшысы Серік Мұхамедиев БАҚ өкілдерімен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
«Бұл жұмыс бас көшенің жаңғыртылуына байланысты атқарылуда. Бірақ біз ағаштарды кеспес бұрын тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде жасыл желектер әлсірегіні, қурауға жақын екені анықталды. Жақын күндері кесілген ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызамыз», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Қазіргі таңда Қазақстан Конституциясы көшесін жаңғыртудың екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің сөзінше, бас көшені реконструкциялауға үш миллиардқа жуық қаржы бөлінген.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үш күн ішінде екі бала терезеден құлады

