Петропавлда қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға азайды. Интернет алаяқтықтың алдын алу бағытынла ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Маңызды мәліметтермен қалалық полиция басқармасының бастығы Абай Жүсіпов бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавл қалалық полиция басқармасында бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Бастығы Серік Әлжановтың сөзінше, тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға төмендеген. Оның ауыр қылмыстар саны 54 пайызға азайыпты.
«Бопсалау деректері 25%-ға, тонау 33%-ға қысқарды. Бөтен мүлікті ұрлау, оның ішінде пәтер ұрлығы 21%-ға азайды», — деді Серік Әлжанов.
Петропавлдағы негізгі мәселердің бірі — интернет алаяқтық. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жыл басынан бері полицейлер 1400-ден астам интернет алаяқтықтың жолын кескен.
Қала тұрғындары алаяқтармен сөйлесуді дер кезінде тоқтатып, материалдық шығынға ұшыраған жоқ — бұл тек полицияға хабарланған жағдайлар.
Тағы оқыңыз: Петропавл әкімі бас көшедегі ағаштардың кесілуіне байланысты пікір білдірді

