СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Шараны облыстық прокуратура өкілдері ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да прокуратураның ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Акция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері адамдар көп жиналатын жерлерде халықпен кездесті. Мәселе толғандырған бірнеше азаматпен тілдесіп, ақыл-кеңес берді, өзекті жайттарды қағазға түртіп алды.

СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

«Ағымдағы жылдың басынан бері акция арқылы 1 мыңнан астам адам қамтылды. Барлық өтініш негізінде түсініктемелер берілді, ал кейбір мәселелер бойынша бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсетілді. «Құқықтық дәріхана» акциясы 2 сағатқа созылады. Құқықтық негіздегі ақпараттық шара Петропавлдан бөлек, дәл қазір өңіріміздің аудан орталықтарында да өтіп жатыр», — деді облыс прокурорының көмекшісі Гүлмира Бопанова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет-алаяқтар медицина қызметкерлеріне 350 млн теңге шығын келтірген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *