Қазақстан Ресейден әкелінетін автокөліктерге салынатын утильалым ақысын көтеруге дайындалып жатыр. Тиісті бұйрық қазір әділет органдарында тіркеуден өтуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы теңгерімді сақтау үшін қабылданбақ. Яғни Қазақстан мен Ресейдегі утильалым мөлшерлемелерінің айырмашылығын азайту көзделіп отыр.

Жаңа тарифтер көлік санаттарына қарай белгіленеді және Ресейдегі мөлшерлемелерге сәйкестендіріледі.

Соған қарамастан министрлік нарықтағы баға күрт қымбаттамайды деп сендірді. Ведомствоның түсіндіруінше, Ресейден келетін көліктердің бағасы утильалым коэффициентінің өсуіне байланысты қымбаттауы мүмкін. Алайда жалпы нарыққа айтарлықтай әсер болмайды, себебі ресейлік автокөліктердің үлесі аз.

Қазір Ресейден Қазақстанға негізінен бюджеттік Lada маркаларының Granta, Vesta, Niva модельдері, сондай-ақ GAZ және KAMAZ коммерциялық көліктері әкелінеді екен.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның ғарыш жолы: алғашқы орбиталардан жоғары технологиялар экспортына дейін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *