Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі. Биыл ол 20-шы наурызға түсіп отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Ораза айттың басты амалдарының бірі — айт намазын оқу. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін жариялады. Солтүстік Қазақстанда Ораза айт намазы сағат 07:15-те оқылады.

Айт намазына дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуанулары үшін пітір садақалары таратылады. Айта кету керек, жылына бір рет — рамазан айының ішінде берілетін пітір садақасы айт намазына дейін беріліп болуға тиіс. Айт намазынан кейін берілген садақа жай садақа болып есептеледі. 

Намаздан кейін мерекелік шаралар басталады: адамдар бірін-бірі құттықтап, ренжіскен жандар бір-бірінен кешірім сұрап, өткен реніштер ұмытылуға тиіс.

Ораза айт күнгі сый-сияпат, жалпы барлық жақсылық, ең алдымен, жақын адамдарыңа бағытталуы керек. Отбасы, ата-ана, бауырлар, көршілер, тума-туыс, дос-жаран, т.б. Сонымен бірге айналаңыздағы мұқтаж жандарды да ұмытпаңыз. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда ақ жаулықты әжелер қыздарға шеберлік сабағын өткізді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *