Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл балалары Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында «IQanat» олимпиадасының екінші кезеңі өтті
Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл балалары Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында «IQanat» олимпиадасының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлдағы ауыл балаларына арналған «IQanat» олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Оған аудандық сайыстан сүрінбей өткен 300-ден астам оқушы қатысты.
Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл балалары Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында «IQanat» олимпиадасының екінші кезеңі өтті
«Біздің мақсатымыз — ауыл балаларын қолдау, олардың білімін арттыру. Мұндай сайыстарды жиі өткізу арқылы жаңа таланттарды тапқымыз келеді. Сонымен қатар, өңірдегі білім беру саласын дамытуды көздейміз,- деді «IQanat» қорының академиялық директоры Зухра Шегенова.
Қатысушылар логикалық ойлау, метематикалық және оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, ағылшын тілінен және бір таңдау пәнінен емтихан тапсырады. Таңдау пәндері: математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география. Есіл ауданындағы Мектеп ауылынан келген Ақтілек Абдулла математика пәні бойынша . Осы пәнді шемішкедей шағатын бұрымды бұл кезеңнен де оңайлықпен өтетініне сенімді.
«Мен бұл олимпиадаға біраз уақыт дайындалдым. Бірінші кезең аса қатты қиын болған жоқ. Осы жолы да жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын. Басты мақсатым — жеңімпаз атану», — деді қатысушы.
Жалпы, ел көлемінде 2-ші тур қорытындысы бойынша мың финалист анықталады. Олар республикалық кезеңде бақ сынайды. Ал соңғы турдан өткендер Бурабайдағы IQanat мектебінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, 3 жылдық білім беру қолдауы ұсынылады. Оның ішінде ҰБТ, халықаралық емтихандарға және тағы басқа да бағыттар бойынша көмек көрсетіледі.