15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, Солтүстік Қазастан облысында  8 бала дүниеге келді, деп жазады Qazaqstan Media.

Референдум күні  елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды. Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.

Ал, Солтүстік  Қазақстан облысында саяси науқан күні 8 сәди дүние есігін ашты.  Бұл күні төрт ұл, төрт қыз дүниеге келді.

«Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі — өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат – мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.

Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті»,-деп хабарладық ҚР ДСМ.

Тағы оқыңыз: 16-нан 17 наурызға қараған түн-Қадір түні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *