Қазақстанда республикалық референдум өз мәресіне жетті. Орталық сайлау комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, солтүстікқазақстандықтардың 70 пайызы саяси науқанға қатысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Орталық сайлау комиссияның мәліметінше, ел тұрғындарының 73,24 пайызы дауыс берген. Бұл дегеніміз — 9 млн 126 мың 850 адам. Оның 255 мыңнан астам — солтүстікқазақстандық.
Референдум учаскелеріндегі комиссия мүшелері келгендерді қабылдап, бюллетень ұсынды және дауыс беру ережесін түсіндірді. Ал байқаушылар саяси науқанның әділ өтуін жіті қадағалады. Ендігі кезек — санақ жұмысында. Арнайы топ жәшіктегі парақтарды мұқият санайды, кейін қорытындыны орталыққа жолдайды.
Тағы оқыңыз: «Құрмет» орденінің иегері Руслан Қозбаев референдумда өз таңдауын жасады


