Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Қарасу ауылдық округінде қоныс аударған қандастар республикалық референдумға қатысты. Өңірде алғаш рет өз дауыстарын берді. Бұл — тек олар үшін ғана емес, тұтас округ үшін де айрықша мәні бар тарихи сәт, деп жазады Qazaqstan Media.

Қарасу округінде соңғы уақытта қандастарды қабылдау және бейімдеу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Атажұртқа оралған ағайын жаңа ортаға сіңісіп, ел өміріне араласып, қоғамдық-саяси науқандардан да шет қалмай отыр. Оған бүгінгі референдумға қатысулары  тағы бір мәрте дәлел. Олар бұл маңызды күннің мәнін терең түсініп, ел болашағына қатысты таңдау жасауға жауапкершілікпен қарады.

Референдумға келген қандастар үшін бұл күннің орны бөлек. Өйткені тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматы ретінде ел тағдырына әсер ететін шешімге қатысу — үлкен сенім мен зор мәртебе. Бұл олардың жаңа қоғамға бейімделіп қана қоймай, мемлекеттің толыққанды мүшесі ретінде ортақ іске үлес қосып отырғанын аңғартады.

Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді  
Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді

Қарасу округі үшін де бұл ерекше кезең. Себебі қандастардың келуі ауылдың әлеуметтік-демографиялық дамуына серпін беріп, елді мекеннің тынысына жаңаша леп әкелуде. Ал олардың референдумға белсенді қатысуы — бірлік пен жауапкершіліктің, ел ертеңіне деген сенімнің айқын көрінісі.

Бұл күн Қарасу округінде қоныс тепкен қандастардың жадында ұзақ сақталары анық. Өйткені бұл — олардың туған еліндегі жаңа өмірінің тағы бір маңызды белесі, елмен бірге болашаққа қадам басқан сәті.

Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді  
Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді

Айта кету керек, референдум күні Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары да өз таңдауларын жасаған болатын.

Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді  
Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді

Тағы оқыңыз: СҚО-да референдумда 4145 азамат алғаш рет дауыс береді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *