Киров зауыты — өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өндіріс орнының қызметкерлері референдумға белсенді қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сағат 15:00-ге дейін зауыт қызметкерлеріміздің 65 пайызы өз таңдауын жасады. Мамандар әр отандасымыз саяси науқанға бейжай қарамауы тиіс деп есептейді.

Зауыт қызметкерлері қауырт жұмысқа қарамастан біркісідей референдум учаскесіне келді. Себебі, әр тұрғынның дауысы аса маңызды. Референдум мамандар үшін жай ғана шара емес, ел тағдыры шешілетін науқан.
«Бұған дейін өткен саяси науқандардан қалыс қалған емеспін. Әрбіреуінде өз дауысымды бердім. Жастар елде өтіп жатқан маңызды шаралар үстіртін қарамауы тиіс», — деді зауыт менеджері Әсел Әбішева.
Тағы оқыңыз: СҚО-да референдумда 4145 азамат алғаш рет дауыс береді


