Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары референдумға қатысу арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын танытты. Олардың бұл қадамы жас ұрпаққа өнеге, тұрғындарға үлкен жауапкершілік пен бірліктің белгісі болды, деп жазады Qazaqstan Media.

 Елге сыйлы, көпшілікке өнеге болып жүрген белгілі тұлғалар — Болат Қорқытов,  Күләш Егімбаева, Бектай Хасенов және Ноғай Иманов дауыс беру учаскесіне келіп, референдумға қатысты. Олар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

«Біз әрқашан белсенді болуымыз керек. Бізге қарап, жастар бой түзейді. Референдумға қатысу әр азаматтың парызы деп білемін. Себебі, әр адамның дауысы елдің тағдырын шешеді»,- дейді ауданның құрметті азаматы Болат Қорқытов.  

Қоғамда өзіндік орны бар азаматтардың дауыс беруге келуі референдумның маңызын арттыра түсті. Осындай сыйлы жандардың елмен бірге таңдау жасауы — қоғамдағы тұрақтылық пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

Референдум күні Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары да өз таңдауларын жасады
Референдум күні Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары да өз таңдауларын жасады

Тағы оқыңыз: ҚР ІІМ: референдум күні қоғамдық тәртіп толық бақылауда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *