Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатқан күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының барлық күші жұмылдырылды. Ел бойынша полиция қызметі күшейтілген режимге көшірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафоны кезінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, басшылық және командалық құрам тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Министрлік өкілінің сөзінше, референдум учаскелері мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын ала тексерілген. Атап айтқанда, олардың техникалық жай-күйі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына сәйкестігі қаралған. Қазір барлық учаске тәулік бойы бақылауда тұр.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында тұрақты түрде болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен немесе қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана учаскеге кіре алады.

«Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты және толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», – деді Шыңғыс Әлекешев.

Қазіргі таңда еліміздегі референдум учаскелерінде дауыс беру барысы штаттық режимде өтіп жатыр.

Саяси науқанда облыста 580-нен астам референдум учаскесі жұмыс істейді. Учаскелерде үш мыңнан астам комиссия мүшелері қызмет етеді. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдумның учаскелік комиссиялары таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Тағы оқыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *