Солтүстікқазақстандық тұрғындардың  референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Олар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс беру учаскелеріне таңғы жетіден бері келіп жатыр.  AMANAT партиясы СҚОФ жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Жадыра Жолкенова да таңдауын жасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жадыра Жолкенова үшін референдум тек саяси науқан ғана емес. Ол ел болашағына жасайтын негізгі қадамдарды бірі. Себебі, Ата Заңымыздың берік болуы-тәуелсіздігіміздің тұғырлы болатынының кепілі. Ол Қазақстандағы дауыс беруге мүмкіндігі бар 12 млн азаматтың қатарында. Өз құқығын пайдаланып, өз ұстанымын білдіруге референдум учаскісіне келді. Бюллетеньді толтырып, урнаға сала тұра –ол  тарихи оқиғаның куәгері  әрі қатысушысы болдым, дейді.

Жадыра Жолкенова: әрібір азамат өз пікірін білдіретін күн
Жадыра Жолкенова: әрібір азамат өз пікірін білдіретін күн

«Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса алады. Азаматтардың белсендігі мен бейжай қарамауы, демократиялық құндылықтарды нығайтып, Отанымыздың одан әрі дамуына берік негіз қалайды деген сенімдемін»,-деп өз ойын жеткізді Жадыра Жолкенова.

Референдум күні Петропавлда жүкті әйелдер мен жас аналар да дауыс берді. Олар үшін тасымалдау урнасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл күні алғаш рет саяси науқанға қатысып жатқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *