ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина референдумға қатысым өз таңдауын жасады. Ол саяси науқанға қатысу азаматтық борышым деп санайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл — Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында орналасқан №577 референдум учаскесі. Мұнда халық таңғы жетіден келіп, өздерінің таңдауларын жасауда. Осы жерге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны тіркелген.

Олардың қатарында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина да бар. Халық қалаулысы алғашқылардың қатарында жалпыға ортақ парызды орындады.
«Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн дер едім. Осындай саяси шараларда әрдайым туған жеріме келіп, дауыс беремін. Жерлестеріммен бірге болғанды құп көремін. Біз жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Қаншама талқылаулар өтті. Мұның барлығы — еліміздің болашағына, ұрпақтың келешегіне арналған жұмыс. Бүгін бірде-бір адам тыс қалмауы тиіс»,- дейді Ольга Перепечина.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты


