Солтүстік Қазақстан облысындағы перинаталдық орталықта жүкті әйелдер мен жас аналар да референдумға қатысып, дауыс берді. Медициналық мекемеде дәрігерлер бақылауындағы 49 әйел үшін тасымалдау урнасы ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық перинаталдық орталықта да дауыс беру учаскесі ұйымдастырылды. №625 участікте  1200-ге жуық тұрғын дауыс береді. Сонымен қатар, аталмыш дауыс беру учаскесінде 49 жүкті және жас босанған ана референдумға қатысып жатыр.

СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты
СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты

«Медициналық  мекемеде дәрігелер қарауындағы қыз-келіншектер үшін комиссия мүшелері бюллетеньдерді алып, мөрленген тасымалдау урнасымен бөлімдерді аралап жүр. Оларға алдын-ала хабарланып айтылды. Референдум жайында толық мағлұмат берілді.»-деді дауыс беру учаскесінің төрағасы Зоя Стреляева.

Елена Паюсова референдумға перинаталдық орталықта қатысамын деп ойламаған. Бірақ, еліміз үшін тарихи сәтте өз таңдауын жасап, дауыс бере алатынына қуанышты. Себебі, Жаңа Конституция болашақ балаларымыз үшін керек, дейді.

СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты
СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты

«Мен үшін биылғы наурыз ерекше болып жатыр. Алғаш рет ана атандым. Надежада есімді қызым дүниеге келді. Туған күнім де осы айда. Енді міне, еліміз үшін тарихи сәтке де үлесімді қосудамын. Медициналық мекемеде болсам да, өзмінің азаматтық ұстанымымды білдіруге мүмкіндік бар. Референдумға қатысу арқылы біз балаларымыздың болашағы үшін маңызды қадам жасап жатырмыз»,-дейді жас ана.

Медициналық мекемедегі участік те өзгелері секілді таңғы 7.00-де әнұранмен ашылған. Сондан бастап тұрғындар белсенділік танытып, дауыс беруде.

СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты
СҚО-да 49 жүкті әйел мен жас ана референдумға қатысты

Тағы оқыңыз: СҚО және Петропавл қаласының әкімдері дауыс берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *