Елімізде өтіп жатқан саяси науқанға жастар да белсенді қатысуда. Солардың бірі — Анастасия Косова. Нәзікжанды референдумға алғаш рет қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Анастасия Косова — сегізінші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы. Жас дауыс беруші таңдауын өзі оқитын оқу орнында орналасқан №622 референдум учаскесінде жасады. Айта кету керек, Анастасия 7-ші наурыз күні кәмелет жасқа толған.

Петропавлда алғаш рет дауыс берген жастар қатары толықты
Петропавлда алғаш рет дауыс берген жастар қатары толықты

Азаматша үшін бұл ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол әр қазақстандық өз саяси науқандарда өз таңдауын жасауға міндетті деп есептейді. Игі дәстүрге сай оған сыйлық табысталды.

«Мен еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы аса маңызды. Сондықтан біз ел тағдыры шешілетін шараға бейжай қарамауымыз қажет», — деді дауыс беруші.

Петропавлда алғаш рет дауыс берген жастар қатары толықты
Петропавлда алғаш рет дауыс берген жастар қатары толықты

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №672 дауыс беру учаскесінде белсенділік байқалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *