Есіл ауданына қоныс тепкен қандастар референдум күні таң ата бір отбасыдай болып жиналып, дауыс беруге келді. Бұл оқиға ауыл тұрғындары үшін ерекше әрі тарихи сәтке айналды, деп жазады Qazaqstan Media.

Бүгінде Николаевка ауылында 35 отбасы, 183 қандас өмір сүріп жатыр. Оның ішінде 111-і – балалар. Көпшілігі 2021 жылы көшіп келген.

Қоныс аударғандардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысып, ауылдың тұрмысын көтеруге үлес қосуда. Ал әйел қауымы шаңырақтың түтінін түтетіп, көпбалалы аналар ретінде тұрмыс тіршілікті жандандырып отыр. Олар жаңа жерде тамыр жайып, тұрмысын түзеп қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласуда.

Бір шаңырақ астында – ел болашағына  дауыс берген қандастар
Бір шаңырақ астында – ел болашағына дауыс берген қандастар

Ұлттық киім киіп, бір отбасыдай болып референдумға қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігін, бірлігін және ынтымағын айқын көрсеткен оқиға. Бұл қадам – ауылдағы ортақ құндылықтар мен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі.

Бір шаңырақ астында – ел болашағына  дауыс берген қандастар
Бір шаңырақ астында – ел болашағына дауыс берген қандастар

Тағы оқыңыз: Қазақстанда республикалық референдум басталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *