Петропавлда 1961 жылы туған ер адам қайтыс болғаннан кейін донор атанды. Марқұмның ұлы әкесінің ағзаларын трансплантацияға пайдалануға келісім берген, деп жазады Qazaqstan Media.

11 наурыз күні 65 жастағы ер адам ауыр хәлде жедел жәрдеммен көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті. Алайда науқаста ми өлімі тіркелді.

Осыдан кейін марқұмның ұлы әкесінің ағзаларын трансплантация мақсатында донорлыққа беруге рұқсат етті.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, санитарлық авиация арқылы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының трансплантолог мамандары Петропавлға дер кезінде жетті. Дәрігерлер мультиоргандық операция жасап, марқұмның екі бүйрегі мен бауырын алды.

Бұл ағзалар трансплантация кезегінде тұрған науқастарға салынады. Осылайша, бір адамның донор болуы кемінде үш адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Бұл биылға бірінші мәйіттік донор. Былтыр екі жерлесіміх мәйіттік донор болған еді.

Тағы оқыңыз: Балабақша,емхана, көпір. СҚО әкімі құрылыс алаңдарына барды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *