Петропавлда республикалық «Заң мен тәртіп»  аясында жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған «Құқықтық интеллект» атты интерактивті алаң ұйымдастырылды. Іс-шара Ж.Тілеулин атындағы  Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Жиынды «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Кездесуге орталық мамандары мен колледж студенттері қатысты.

«Интерактивті алаңның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу және белсенді азаматтық ұстанымды нығайту. Бүгінгі қоғамда әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуі тиіс. Сондықтан мұндай кездесулердің студенттер үшін маңызы зор»-дейді ұйымдастырушылар.

Шара барысында қатысушылар қауіпсіздік, тұлғааралық жанжалдардың алдын алу, құқықтық жауапкершілік және заң бұзушылықтың салдары жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ студенттер құқықтық нормалардың қоғамдағы рөлі, олардың күнделікті өмірге әсері туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Петропавлда студенттерге арналған «Құқықтық интеллект» интерактивті алаңы өтті
Петропавлда студенттерге арналған «Құқықтық интеллект» интерактивті алаңы өтті

Кездесуде «Қоғамдық даму және ақпарат орталығының» мамандары жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Құқықтық интеллект» алаңы студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға да ықпал етеді. Мұндай формат жастарға құқықтық мәселелерді талдап, өз көзқарасын дәлелді түрде білдіруге және өзгенің пікірін ескеруге үйретеді.

Тағы оқыңыз: Гүл орнына ота: петропавлдық дәрігерлер 41 жастағы әйелді құтқарып қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *