Қазақстанда футболдан ел чемпионаты басталды. Жергілікті «Қызылжар» ФК өз алаңында ақтаулық «Каспийден басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ойын тартысқа толы болды. Матчтың әр бұрышында допқа талас жүргізілді. Алғашқы минуттарда қонақтар есеп ашты.
Бірінші таймда осы есеп сақталды. Екінші таймда алаң иелері қарқынды үдетті. Толассыз шабуылдар жасады. Бірақ, нәтиже болмады.
Ойынның 80-ші минутынан бастап матч қызыққа толы болды. 83 минутта алаң иелері есепті теңестірсе, 86 минутта Тимур Мульдинов тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Ал матчтың соңғы минутында фарерлік Иоханнес Бьортолид әдемі гол соғып, «Қызылжар» футбол клубына маңызды үш ұпайды әкелді. Есеп 2:1. Қызылжарлық футболшылардың пайдасына шешілді.
Тағы оқыңыз: Ақжар ауданындағы кәсіпкер жаңа Конституцияны қолдап, референдумға қатысуға шақырды


