Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір фильмнің түсірілімі басталды. Бұл жолы ол тарихи туынды, «Ботай. Ғайып ғалам» деп аталады.  Ол түз жылқысын қолға үйреткен тарихи мекен жайында болмақ, деп жазады Qazaqstan Media. 

Фильм режиссері Андрей Авдеев.  Фильм Ботай мәдениетінің бірегейлігін көрсетіп, Қазақстанды жылқыны қолға үйреткен тарихи мекен ретінде танытуға бағытталған. Фильмді түсіруге Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау» орталығының қолдау көрсеткен. Түсірілім тобы мүшелерімен  және актерлік құраммен өңір басшысы кездесіп, жобаның жүзеге асу барысын жан-жақты талқылады. 

СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» тарихи фильмінің түсірілімі басталды
СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» тарихи фильмінің түсірілімі басталды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Бүгінде елімізде ұлттық сананы нығайтып, қоғамның дамуына серпін беретін жобаларға әрдайым қолдау көрсетіледі. Облысымыз отандық кино өндірісінің дамуына өз үлесін қосуда »,- деді өңір басшысы.

Жобаның жүзеге асуы ұлттық кинематографияның дамуына, тарихи сананы нығайтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Auyl Fest фестивалі аясында екінші рет қаз жарысы өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *