21-22 наурыз күндері Петропавлда қаз жарысы өтеді. Сонымен қатар, аталмыш құс етінен жасалған тағамдар байқауы да ұйымдастырылады. Бұл халықаралық этномәдени  «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы 2.0» фестивалінің бағдарламасында жоспарланған, деп жазады Qazaqstan Media.

Фестиваль фермерлерді, кәсіпкерлерді және қызығушылық танытқан азаматтарды біріктірітерін іс шара. Форум аясында қаз шаруашылығы бойынша мамандандырылған көрме өтеді. Оның қатысушыларына құстарды өсіру және тамақтандыру технологиялары көрсетіледі, ветеринарлық препараттар мен жабдықтар ұсынылады.

Қонақтар үшін қолөнершілердің фермерлік және кәдесый өнімдерінің жәрмеңкесі дайындалуда. Бағдарламаның ең қызықты бөлігі-қаз жарысы болмақ. Сондай-ақ  қаздың етінен жаслаған ең дәмді тамақта анықтау байқауы да өтеді.

Петропавлда Auyl Fest  фестивалі аясында екінші рет қаз жарысы өтеді
Петропавлда Auyl Fest фестивалі аясында екінші рет қаз жарысы өтеді

Ұйымдастырушылар Auyl Fest фестивалі этномәдени диалогты дамытуға, ауыл кәсіпкерлігін қолдауға, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, дейді.

айта кету керек, аталмыш фестиваль де, қаздардың жарысы да Петропавлда екінші рет ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да азық-түлік бағасын өсірген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *