Наурыз айында өтетін ҰБТ алтыншы сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп жазады Qazaqstan Media.

Тестілеуге өтініш бергендердің 74,4%-ы қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде сынақ тапсырады.  Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер математика және физика. Екінші орында биология-химия.  ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесін қолдануға болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 100-ден астам оқушы қазақ тілінен білімдерін сынады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *