Болашағын ойлайтын ел білімге көп көңіл бөледі. Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова осындай пікірде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновацияға мән берілген. Ғылым мен білім – кез келген елдің экономикалық қуаты мен бәсекеге қабілеттілігінің басты тірегі. Конституциялық деңгейде білімнің қолжетімділігі, ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау, академиялық еркіндік пен зерттеу қызметінің дербестігінің бекітілуі жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастық үшін жаңа серпін береді.

«Мен Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдаймын. Бұл шешімдер еліміздің дамуына тың серпін береді. Адамның құқығына да ерекше мән берілген. Айта кету керек, болашағын ойлайтын ел білімге көп көңіл бөледі», — Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.

Білікті маман өзгерістердің нәтижесінде бәсекеге қабілетті ел қалыптасатынына сенеді. Сонымен қатар, жастардың дамуына да жол ашылады деп ойлайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда оқушылардың мектепте телефон пайдалануына толық тыйым салынбақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *