Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы қаласында өткен «ЮНИСЕФ 2025» атты жастар форумына қатысты. Шарада олар өз жобаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Форум волонтерлікпен айналысатын, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын және Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып жүрген белсенді жастарға арналған алаңға айналды.Шара аясында волонтерлер жүзеге асырған ең үздік 13 әлеуметтік жоба таныстырылды. Елдің тоғыз өңірінен келген жастар балаларды қолдауға бағытталған бастамаларын ортаға салды.

Петропавлдық NIS екі жобаны ұсынып, жоғары нәтижелер көрсетті. Мансұр Омаров, Амира Сыздықова, Елдар Суратаев дайындаған “QazDysFont Дислексиясы бар адамдарға арналған қазақ қаріптері” жобасы бірінші орыннан көрінді. Жоба аясында балалар мәтінді жеңілірек оқуға және түсінуге көмектесетін арнайы қазақша шрифтерді әзірлеген.

Тағы оқыңыз: Су тасқыны 2026: Сергеев су қоймасы 99 пайызға толық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *