Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды. Оған сенсек, Солтүстік Қазастан облысында түнде аяз көтеріліп, қалың тұман түседі, деп жазады Qazaqstan Media.
Қыстың соңғы айы Солтүстік Қазақстанда қарлы болады деген болжам жасалып отыр. Оған қоса, тұман күтілуде. Мәселен, үшінші ақпан күні облыстың оңтүстігінде тұман түссе, солтүстігі мен батысында шамалап қар жауады. Күндіз теромометр көрсеткіші -22 градусты көрсетсе, түнде -25-ке дейін түседі.
Ал, төртінші ақпан жауын-шашынсыз болады. Өңірдің солтүстік және оңтүстік аудандарында жел көтеріліп, екпіні 15-20 м/с жетпек. Күндіз 15 градус суық болады. Түнде аяз күшейіп, -25 градусқа дейін суытады.
«Ақпанның бесі күні батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік аудандарда тұман түседі деп болжанып отыр. Түнде 17 градусқа дейін суытады. Ал күнді -3 градус болады»,-деп хабарлады синоптиктер.
Алтыншы ақпан күні де қар мен тұман сақталады. Түнде -25 градус аяз болады. Күндіз термометр көрсеткіштері 15-20 градусты көрсетеді.
Тағы оқыңыз: Су тасқыны 2026: Сергеев су қоймасы 99 пайызға толық

