Прокуратура мемлекеттік сатып алуларды тексеру кезінде Шал ақын ауданында мектептерді күрделі жөндеу бойынша келісімшарттарға қатысты мәселе анықтады. Жөндеу жұмыстарын алған мердігер өз міндеттемелерін орындауына кепіл ретінде ерікті сақтандыру полисін ұсынған, деп жазады Qazaqstan Media.
2023–2024 жылдары сот шешімдерімен мердігердің келісімшарт талаптарын тиісінше орындамағаны дәлелденген. Бірақ соған қарамастан ауданның білім бөлімі (тапсырыс беруші) заң бойынша талап етілетін шараны уақытында қолданбай, сақтандыру арқылы төленуі тиіс ақшаны ұзақ уақыт өндірмей отырған.
Прокурорлардың араласуынан кейін іс сотқа жеткізіліп, сақтандыру төлемі толық көлемде – 11,2 млн теңге – мемлекет кірісіне өндірілді. Бұл мемлекетке келген материалдық шығынның орнын толтыруға мүмкіндік берді.
Тағы оқыңыз: Елімізде ақпан айынан бастап не өзгереді?

