Жуырда тарихи маңызы бар құжат – ҚР жаңа Конституциясының жобасы ұсынылды. «Ата заңымызға енгізілген өзгерістердің арқасында дамудың даңғыл жолына түсеміз», — Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы- Ректоры Ербол Исақаев, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.
Бұл — XXI ғасырдағы ұлт дамуының стратегиялық картасы. ЖОО ректоры аталған жобадан кез келген мемлекеттің тағдырын айқындайтын басты сала – білім беру, ғылым үшін қуатты серпілістің бастамасы. Бұған дәлелдерді көрсетіп, талдап көрейік:
1. Білім, ғылым және инновация жаңа деңгейге көтеріледі. Алғаш рет білім, ғылым және инновациялар Конституция жобасының кіріспесінде тікелей бекітіліп отыр. Неліктен бұл маңызды? Кіріспе – мемлекеттің стратегиялық бағдарларын, ұзақ мерзімді басымдықтарын және бүкіл құқықтық жүйенің мағыналық бағыттарын айқындайды.
2. Сапалы және қолжетімді білім алудың конституциялық кепілдіктері айта кетсек, 33-бап әлеуметтік кепілдіктерді одан әрі нығайтады:
— Орта білімнің міндетті әрі тегін болуы сақталады;
— Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білімалудың конкурстық негізде берілуі әділдік пен дарындыжастарды іріктеуді қамтамасыз етеді;
— Мемлекеттік білім беру стандарттары (4-тармақ) Қазақстанның бүкіл аумағында білім беру кеңістігінің бірлігін және білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
4. Экологиялық мәдениет конституциялық құндылық
Конституция жобасында табиғатқа ұқыпты қарау ел дамуының негізгі бағдарларының қатарына шығарылған. Қазақстан халқы экологиялық жауапкершіліктің дамудың негізі екенін тікелей мойындайды.
«Бұл – түбегейлі жаңа көзқарас. Экология қосалқы мәселе ретінде емес, өмір сапасымен, экономикалық дамуымен және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың дербес әрі ерекше бағыты ретінде қарастырылады. Мұндай тұжырымдама технологиялық прогресс, білім мен ғылым табиғатты қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарымен ажырамас байланыста болатынорнықты даму философиясын қалыптастырады», — дедң Ербол Маратұлы.
5. Адами капитал мен қадір-қасиет – ең жоғары құндылық. Конституция жобасы адамның өмірі, құқықтары мен қадір-қасиеті (1-бап) басты орында тұратын жүйені дәйекті түрде қалыптастырады. Бұл қағидат Негізгі Заңның бүкіл мәтіні арқылы өтіп, мемлекеттің дамуына гуманистік бағыт береді.
«Солтүстік Қазақстан университеті үшін қандай маңызға ие? Біздің алдымызда ауқымды міндет тұр: жаңа Конституцияның рухы мен мазмұнына толық сай келетін білім, технология және инновациялар бойынша өңірлік хаб құру.
Ғылыми-зерттеу бағытын күшейтіп, өңір мен ел экономикасының нақты секторына бағытталған қолданбалы әзірлемелерге басымдық беруіміз қажет; Осы тарихи сәтті терең түсіне отырып, әділетті, білімді және инновациялық Қазақстанды қалыптастыруға бар күшімізді салайық», — деді Басқарма төрағасы.
Тағы оқыңыз: Елімізде ақпан айынан бастап не өзгереді?


