Облыстың түкпір-түкпірінен келген білім жастар Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында жоғары сынып оқушылары арасында өткен пәндік Олимпиаданың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Додаға тек «Сен тұр, мен атайын» дейтін жастар қатысты. Оқушыларды құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов арнайы келген. Шараның құрметті қонақтары біртіндеп топтан суырылып шығып, мықтылығын дәлелдеген жастарды марапаттады.

«Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрды. Оған барлығы 3600-ден астам адам қатысты. Оның 500-ге жуығы облыстық кезеңге өтті», — деді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Мерейі үстем болғандардың арасында петропавлдық Қият Якубова да бар. Ол білімділер сайысында үздік үштіктен көрінді. Нәзікжанды олимпиадаға бұған дейін талай мәрте қатысыпты.

Облыстың түкпір-түкпірінен келген білім жастар Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында жоғары сынып оқушылары арасында өткен пәндік Олимпиаданың қорытындысы жарияланды
Облыстың түкпір-түкпірінен келген білім жастар Петропавлда бас қосты. Облыс орталығында жоғары сынып оқушылары арасында өткен пәндік Олимпиаданың қорытындысы жарияланды

Мен қалалық кезеңде топ жардым. Сұрақтар асы қиын болмады. Болашақта географияны одан әрі зерттеп, «Менеджмент» мамандығына түскім келеді. Алда алар асулар көп», — деді Қият Якубова.

Республикалық кезең наурыз айында өтеді. Білімділер додасында өңір намысын 85 бала қорғайды. Айта кету керек, жалпы есепте облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары басқаларынан оқ бойы озық болды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш селолық округ жабылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *