Қазақстан мектептерінде білім беру саласын тағы өзгеріс күтіп тұр. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан жиынтығын бағалаудың сағаты азаймақ, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл туралы  Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтып берді. Ол оқушылардың уақытын алатын БЖБ, яғни бөлім бойынша жиынтық бағалау мен ТЖБ деп аталатын тоқсан жиынтығын бағалаудың сағатын азайтуды қарастыратынын жеткізді. Себебі кейбір мектептер жүктеме көптігінен сенбіде де оқушыларды жинап алып, осы тапсырманы орындатады екен.

Министр биылғы оқу жылында БЖБ мен ТЖБ  форматы өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Алайда мамандар қолданыстағы жүйені талдап жатыр.  Бағдарламаны реформалау бойынша ұсыныстар жазда дайындалуды жоспарлап отыр. Ұлттық білім академиясы өңірлік білім басқармаларымен бірлесіп алдағы айларда мүмкін болатын өзгерістердің өз нұсқаларын ұсынады.

Сурет ЖИ арқылы жасалды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ер адамды пойыз қағып кетті 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *