Былтыр Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында үш мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Жағымсыз статистиканы азайту мақсатында шенділер профилактикалық шара өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Теміржол бойында тәртіп талап етіледі. Ол әр адамға қатысты. Себебі, поезд маңындағы жауапсыздық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қазіргі таңда облыс аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Оның аясында Петропавл станциясының көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен тілдесіп, ескертпе қағаздар таратты. Жаднамаларда вокзал аумағында қауіпсіздік ережелері жазылған.

СҚО-да көліктегі полицейлер ереже бұзған тұрғындарға 40 млн теңге айыппұл салған
СҚО-да көліктегі полицейлер ереже бұзған тұрғындарға 40 млн теңге айыппұл салған

«Іс-шараның мақсаты — поездарда және теміржол нысандарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Іс-шара 19-шы қаңтар күні басталды. Шара аясында 2 күннің ішінде 29 әкімшілік хаттама толтырылды», — Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің бастығы Дулат Діркенов.

Жыл артқан сайын облысымызда теміржол мен әуежай бойындағы ережені ескеретін жандардың қатары азайып келе жатқанға ұқсайды. Бұлай деп сенімді сөйлеуімізге соңғы 12 айдағы статистика дәлел.

Былтыр өңірде Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында 3 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл 2024-тегі көрсеткіштен 10 пайызға көп. Жазаланғандардың дені — ішімдік ішкен, қоғамның берекесін алған жандар. Арасында теміржолды бірнеше рет кесіп өткендер де бар. Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарға вокзал аумағында қандай талаптарды сақтау керектігін түсіндірді. Шенділер тәртіп бұзған тұрғындарға 40 млн-нан астам айыппұл салған. Бүгінгі күнге дейін бұл соманың басым бөлігі өндіріліп алыпты.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *