«Қызылжар» футбол клубының сапы «Euro 2020» додасының қатысушысы Евгений Макаренкомен толықты. Украиналық жартылай қорғаушы ҚПЛ-мен жақсы таныс, деп хабарлайды Qazaqstan Media «GOAL KZ» порталына сілтеме жасап.
Жартылай қорғаушы спорттық мансабының басым бөлігін өз елінде өткізген. «Динамо Киев» сапында 100-ден астам ойында бақ сынаған. Кейін Бельгияға ат басын бұрды. Аталған елдің клубтарында төрт жылға жуық уақыт бойы өнер көрсетті.
Евгений Макаренко жергілікті футболмен де жақсы таныс. Себебі, ол Ордабасы сапында екі жыл өнер көрсеткен.
Милан Чурчичтің командасы қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Олар трансферлік терезе ашылғалы онға жуық ойыншыны қатарына қосты. Жергілікті команда биыл чемпионатта алғашқы алтылықтан көрінуді жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз: Өңірде 470-тен астам жас әскер қатарына алынды

