Үсік бірден ауырсынумен байқалмайды. Алдымен тері жансызданып, сезімталдық төмендейді. Ал уақытында көмек көрсетілмесе, салдары ұзақ емделуге, тіпті өмір бойы қалатын асқынуларға әкелуі мүмкін. Соңғы уақытта Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына үсік шалу белгілерімен бірнеше науқас түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дәрігерлердің айтуынша, үсік шалып медицицналық көмекке жүгінген  тұрғындардың айтарлары бір. Далада көп жүріп, суық өткенін байқамай қалған.

31 жастағы ер адам – ұзақ уақыт далада жүрген. Екі аяғының саусақтарын I–II дәрежелі үсік шалған. Тағы бірі мас күйде далада ұйықтап қалған. Соның салдарынан сол қолының III, IV және V саусақтарының тырнақ фалангтары үсіп қалған.

Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатқан науқастар да бар.  60 жастағы ер адам – ұзақ уақыт суықта жүргеннен кейін екі қолының саусақтары мен оң аяғын II–III дәрежелі үсік шалған. 53 жастағы ер адамд екі аяғын да үсіріп алған.

Оқиғалар әртүрлі болғанымен, барлығына ортақ себеп бір — суықта ұзақ уақыт болу. Үсікке көбіне тұрғылықты жері жоқ адамдар шалдыққанымен, дәрігерлер аяздың ешкімді таңдамайтынын ескертеді.

«Алкоголь жылытпайды — керісінше қауіп сезімін жояды. Ауырсыну бірден сезілмейді. Үсіктің салдары өмір бойына қалуы мүмкін. Аязды күндері далада болу уақытын. Тері жансызданып, бозара бастаса — дереу жылы жерге кіріп, медициналық көмекке жүгіну керек»,-деп кеңес береді мамандар.

Тағы оқыңыз: QS рейтингі: Қозыбаев университетінің жаңа белесі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *