Бүгін Заречный кентінің тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Ықшам аудан тұрғындарының алғашқы легі жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бөркін аспанға атқандардың арасында Русовтар отбасы бар. Ерлі-зайыпты жаңа пәтердің көңілден шыққанын атап өтті. Себебі, баспананың іші кең, жарық тартылған, жылу мен су берілген.

Заречный кентінің тұрғындары жаңа баспанаға ие болды
Заречный кентінің тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

«Заречный кентінде жер үйде тұрдық. Күнде пеш жағып, су әкелтінбіз. Жасарып тұрған жоқпыз. Орталықтандырылған су және жылумен қамтылған баспанаң болғанға не жетсін! Қуанышымда шек жоқ», — қала тұрғыны Галина Русова.

Бүгін 40 отбасыға жаңа пәтерлің кілті табысталды. 31-желтоқсанға дейін тағы 50 жанұя қоныс тойын тойлайды.
Тұрғындарға баспананы салу міндеті жергілікті «Зерттеу» серіктестігіне жүктелген. Әр баспанаға 2 жыл кепілдік берілген. Көппәтерлі үй «Жас өркен» ықшам ауданында орналасқан.

«Қазіргі таңда 72 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол Уәлиханов көшесінде орналасқан. Тағы бір 117 пәтерлі баспананы тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Нысанның жобалық құжаттамасы дайын. Келесі жылдың күзіне дейін Заречный кентінің тұрғындары толық көшіріледі», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да желтоқсан құрбандарына тағзым етілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *