Бір апта бойы әскери басқару органдарында, құрамалар мен әскери бөлімдерде жеке құрамның жауынгерлік даярлық дағдыларын жетілдіруге арналған тактикалық-құрылымдық сабақтар өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Ведомствоның мәліметінше, сабақ барысында ұрыс есептоптары мен кезекші қызметтердің іс-әрекеті нақтыланып, штабтар мен әскери бөлімдердің басқа әскерлер мен құралымдар, одан бөлек мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі пысықталады.

«Кейбір әскери бөлімшелер кешенді сабақтар өтетін орынға әуе,темір жол және  автомобиль көлігімен шоғырланады. Осы кезеңде қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз»,- деп жазылған хабарламада.

Тактикалық-саптық кешенді сабақтар 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогында үш мәрте топ жарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *