«Салауатты сана» — өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден қорғауға арналған республикалық жоба. Басты мақсаты- өскелен ұрпақты зиянды әрекеттерден алшақтату. СҚО ҚХА Аналар кеңесі бастаманың даму қарқынына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media
Жоба аясында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жастармен кездесу, олармен түрлі форматтағы ойындар мен басқосулар өткізу бар. Бүгін СҚО Аналар кеңесінің ұжымдары қалалық Достық үйінде жиналып, аймақта жыл басынан бері атқарылған осы жұмыстарды қорытындылады.
«Бүгін «Салауатты сана» жобасындағы 5 кесел бойынша: нашақорлық, ойынқұмарлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг сынды әлеуметтік мәселелерді талқылаймыз. Осы бағыт бойынша аудандарымызда, қаламызда көптеген жұмыстар атқарылуда», — деді СҚО ҚХА Аналар кенесінің төрайымы Жұлдыз Саттарова.
Қазіргі таңда аймақта ҚХА Аналар кеңесінің 55 ұйымы жұмыс істейді. Құрамында 500-ден аса адам бар. Ағымдағы жылы олардың қатысуымен 200-ге жуық ақпараттық және тәрбиелік кездесу ұйымдастырылыпты. Бұл шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған нақты қадамдарды қамтиды.

«Біз балалармен кездесулер ұйымдастырып, түрлі ойындар мен қызықты шаралар өткіземіз. Бұл арқылы оларды ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеп, зиянды заттардан аулақ болуға үйретеміз», — СҚО Аналар кеңесінің мүшесі Светлана Зайцева.
Жиын барысында мектепте арнайы сабақтар мен спорттық және шығармашылық іс-шаралар мен ата-аналарға тренингтер ұйымдастыру қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.
Тағы оқыңыз: Петропавлға жыл басынан 6 мыңнан астам көшет пен 400-ге жуық гүл егілген

