Синоптиктер желтоқсандағы ауа райына болжам жасады. Мамандардың сөзінше, өңірімізде жылдың соңғы айында күн суытады. Бірақ, өткен жылдармен салыстырғанда жылы болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Синоптиктердің сөзінше, желтоқсан жылы болады деп күтілуде. Бірақ кей күндері қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Айдың соңына қарай 25 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Желтоқсан айындағы жауын-шашын мөлшері 15–31 мм шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл облыстың басым бөлігінде нормаға сәйкес келеді (норма: 15–31 мм). Айдың орташа ауа температурасы –12,3 °С құрайды.
Желтоқсанның бірінші жартысында түнгі температура –8–13 °С, күндіз –3…–8 °С-тан –3…+2 °С-қа дейін күтіледі. Ал айдың соңында түнде –20…–23 °С-қа дейін аяз болуы мүмкін. Сонымен қатар, желдің 15–20 м/с дейін күшеюі және көктайғақ құбылыстары жиі байқалады. Кей күндері тұман түседі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан барлық деңгейдегі 1 100 шақырым жол жөнделді

